Оралда полицейлер із-түссіз жоғалған кәмелетке толмаған үш баланы іздеп тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қалалық полиция бөліміне кәмелетке толмаған үш баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Олардың ең кішісі небәрі 4 жаста екені белгілі болды.
БҚО Полиция департаментінің барлық қызметтері мен бөлімшелеріне және шекаралас облыстарға дереу іздестіруге бағыт-бағдар берілді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері Ақтөбе облысындағы әріптестермен бірлесіп, жоғалған балаларды автобустардың бірінен тапты.
Олар басқа аймақта тұратын әкесіне кетуге шешім қабылдаған. Қазір жоғалған балалар анасына қайтарылды. Олардың жағдайы жақсы, өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Полиция департаменті ата-аналарға балаларына және олардың өміріне өздері жауапты екенін ескертеді. Мұндай деректерге жол бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!