Оралда жылы аялдаманың әйнегін сындырған ер адам ұсталды

Орал қаласында салынып жатқан жылы аялдамалардың бірінің әйнегін сындырған 43 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түн ішінде болған бұл оқиға бойынша жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктінің орташа дәрежедегі мас күйінде болғаны анықталды. Жаңадан салынып жатқан нысанға келтірілген материалдық шығын көлемі - 150 мың теңге.

Қазіргі уақытта бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес кінәлі тұлғаға 500-ден 2000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, түзету жұмыстарына тарту немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға жегу, тіпті екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!