- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оралда жұмыста қайтыс...
Оралда жұмыста қайтыс болған судьяның ұлы мемлекеттен 48 миллион теңге өндіріп алды
Оралда жұмыста қайтыс болған судьяның ұлы мемлекеттен 48 миллион теңге өндіріп алды. Сот судьяның қызметтік міндеттерін атқару кезінде қайтыс болғанын мойындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Былтыр 10 наурызда Орал қалалық сотының тергеу судьясы Нұрлан Ғұбашев қайтыс болды. 55 жастағы ер адам жұмыс орнында кенет ауырып қалды. Ол жедел жәрдем келгенше көз жұмды.
Өлімге әкелген жазатайым оқиғаларды тергеу комиссиясы оқыс оқиға жұмысқа байланысты емес және тіркеуге жатпайды деген қорытындыға келді. Нұрлан Ғұбашевтың өліміне көтерілу қолқа доғасының неврозмасы, жүрек тампонадасымен асқынған көтерілу доғасының аневризмасының жыртылуы себеп болды.
Ал Нұрлан Ғұбашевтың ұлы комиссияның бұл шешімімен келіспей, сотқа жүгінген.
Іс материалдарынан судья ұлын жалғыз өсіргені белгілі болды. Талапкер әкесінің өлімін қызметтік міндеттерін орындау кезінде болды деп тануды талап етіп, алпыс айлық лауазымдық жалақысы, яғни 48 миллион теңге көлемінде біржолғы өтемақы өндіруді сұрады. Айта кетейік, ол кезде судьяның жалақысы 800 789 теңге болған.
"Жауап алынған тергеу сотының қызметкерлері 2023 жылғы 10 наурызда жұмыс күні жұмыс уақытында сот отырысында материалды қарау кезінде судья Губашев сот актісін шығаруға кетіп, үстел басына жайғасып, нормативтiк құқықтық актiлерді оқып жатқанда кенет үстелге сүйенiп, дауыс шығарып, еденге құлап кеткен, дереу жедел жәрдем шақырылған. Келген кезде жедел жәрдем дәрігері оның қайтыс болғанын айтты. Сондай-ақ, олар сол кезде сотта жұмыс көп болғанын түсіндірді", - делінген сот шешімінде.
№2 сот іс материалдарын зерделей келе, талап арызды қанағаттандыру туралы шешім қабылдады және Нұрлан Ғұбашевтың өлімі Орал қаласының тергеу сотының төрағасы/судьясы лауазымындағы қызметтік міндеттерін атқару кезінде болды деп тану туралы шешім қабылдады. Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі департаментінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінен марқұмның ұлының пайдасына 48 млн теңге өндірілсін.
Соттың шешімі заңды күшіне енді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек