- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жүк көлігі апаты
Оралда жүк көлігі мектепке соғылды
Оралда жүргізушісі инсульт алған жүк көлігі мектепке соғылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Оқиға 14 қарашада сағат 22:00 шамасында болған.
Батыс Қазақстан полиция департаменті хабарлағандай, жүк көлігінің жүргізушісі Меңдалиев көшесімен келе жатып, Hyundai көлігіне соғылған. Одан кейін ауыр жүк көлігі жеңіл көлікті сүйреген қалпы қоршауға соғылып, №36 мектептің ғимаратына соғылған. Мектеп ғимаратында көзге көрінетіндей зақым болған жоқ.
"Ауыр жүк көлігінің 62 жастағы жүргізушісі - Әзербайжан азаматы. Ол көлік жүргізіп келе жатып есін жоғалтып, нейроинсульт бөліміне жеткізілді. Негізгі материалдарды жинадық. Жүк көлігі арнайы тұраққа қойылды", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы ер адамның инсульт алғанын атап өтті.
"Жедел жәрдем бригадасы ер адамды қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізді. Науқас "ми қан айналымының геморрагиялық типті өткір бұзылысы" диагнозымен нейроинсульт бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр, ес-түссіз (ауызша байланыс жоқ) жатыр", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина