Оралда жол апатынан мопед жүргізушісі қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 25 шілдеде сағат шамамен 12:50-де Оралда жол апаты болды.
Махамбет ақын және Көкшетау көшесінің қиылысында 1988 жылғы жүргізуші мінген Toyota Alphard және 1961 жылғы мопед жүргізушісі соқтығысты.
Мопед жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!