Оралда жоғалып кеткен жасөспірім қыз 4 күннен соң табылды

Оралда жоғалып кеткен жасөспірім қыз 4 күннен соң табылды
Фото: Айгүл Сансызбаева

Оралда жоғалып кеткен жасөспірім қыз аман-есен табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап. 

17 жастағы Адель Сансызбаева 8 тамызда үйден шығып кеткен, содан бері оны ешкім көрмеген. Полицейлер қызды бірден іздестірді.

Төрт күннен кейін Адель Сансызбаева аман-есен табылды. Бұл туралы қыздың анасы Айгүл хабарлаған. Осы күндері Адельдің қайда болғанын және оның үйден не себепті кеткенін полиция да, қыздың туыстары да хабарлаған жоқ.

Бұған дейін анасы Айгүл Сансызбаева қызының бұрын-соңды бұлай кетпеген және қайда екенін үнемі ескертіп отыратын. Адельдің денсаулығында да ешқандай проблема болмаған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан