Оралда жоғалып кеткен адам орманнан асылған күйде табылды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, Хан тоғайының орман алқабынан асылып қалған адамның мәйіті табылған. Ол бұрын жоғалып кеткен адам ретінде тіркелген.
"1992 жылы туған ер адам. Былтыр 29 қарашада жоғалып кетті, екінші желтоқсанда туыстары бұл туралы полицияға хабарлады. Қызметкерлер іздестірді", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!