- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оралда жезөкшелікпен шұғылдануға...
Оралда жезөкшелікпен шұғылдануға арналған притон ұйымдастырғандар ұсталды
Фото:
© polisia.kz
Оралда жезөкшелікпен шұғылдануға арналған притон ұйымдастырғандар ұсталды, - деп хабарлайды "Мой город" басылымы.
Орал қаласы криминалды полиция басқармасының мәліметінше, екі ер адам мамыр және маусым айларында пәтерлер мен сауналарда ақылы қызмет көрсететін қыздарды жеткізіп отырған.
Жедел-тергеу шараларының нәтижесінде бұл топ ұйымдастырушының нұсқауы бойынша жұмыс істегені анықталды. Ол әр адамның міндетін, жұмыс уақытын және жалақысын да белгілеген.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 309-бабы, 2-бөлігі "Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық" бойынша тергеу жүріп жатыр.
Г. Досымшалова