Оралда жедел жәрдем көлігі өртеніп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Өрт 6 мамырда таңғы сағат 9:21-де Қапан Мусин көшесінде болды. №4 емхана маңында жедел жәрдем көлігі өртеніп кетті.
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері өрттің тез арада сөндірілгенін хабарлады. Зардап шеккендер жоқ. Мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!