- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- орал жол апаты өлім
Оралда жантүршігерлік жол апатынан 63 жастағы әйел қаза тапты
Оралда жантүршігерлік жол апатынан 63 жастағы әйел қаза тауып, тағы бірнеше адам жарақат алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 1 қарашада түскі уақытта болған. Абай мен Назарбаев даңғылдарының қиылысында екі көлік соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, Renault Duster солға бұрылу кезінде қарсы келе жатқан Lixiang көлігіне жол бермеген. Жол апатынан бес адам зардап шекті - екі ересек адам Renault көлігінен және Lixiang көлігіне мінген үш бала.
"Екі ересек адам облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. 1958 жылы туған ер адам хирургия бөліміне (травматология) жатқызылды. Жағдайы ауыр, тұрақты. Қажетті ем қабылдайды. 1961 жылы туған әйелге 3-4 дәрежелі травматикалық шок және геморрагиялық шок диагнозы қойылды. Кеуде және құрсақ қуысына ота жасалды. Ауыр жарақаттардан әйел көз жұмды. Патологиялық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады Батыс Қазақстан денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері.
Ведомствоның мәліметінше, бес, екі және үш жастағы үш бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлердің қарауынан кейін оларға амбулаториялық ем тағайындалған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек