Оралда жантүршігерлік жол апаты болып, жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 30 қыркүйекте сағат 00:20 шамасында Орал қаласында, Деркөл кентінде, Даль көшесі, 9 үйдің жанында болған. 1994 жылы туған ер адам "Мерседес бенз" автокөлігімен батыс бағытта келе жатыр, рөлді басқара алмай, жол бойында тұрған ағашпен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен 1965 жылы туған жолаушы алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.
1990 жылы туған тағы бір жолаушы облыстық ауруханаға тексеруге жеткізілді. Көлік құралы арнайы тұраққа қамалды. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!