- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Арнайы операция
Оралда интим қызмет көрсетіп, есірткі таратқан әйел ұсталды
Оралда арнайы жасақ операция жүргізіп, ірі есірткі зертханасын жойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасарының мәліметінше, Оралда интим қызмет көрсетумен және есірткі заттарын таратумен айналысқан 36 жастағы әйел ұсталды.
"Сонымен қатар жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде екі шетелдік ұйымдастырған есірткі зертханасы жойылды. Жалға алынған үйді тінту барысында синтетикалық есірткі өндіруге арналған жабдық және сатуға дайын 9 килограмм мефедрон тәркіленді. 27 мыңнан аса бір реттік доза айналымға жіберілмеді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.
Еске салайық, бұған дейін Астанада полицейлер халықаралық іздеуде жүрген есірткі сатушы қылмыскерді ұстаған болатын. Ол кіреберістегі диванның артында орналасқан арнайы жабдықталған құпия бөлмедегі жеке үйде жасырынғаны анықталды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек