Оралда полиция бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған құқық бұзушыны ұстады. Ол есірткіге мас күйде автокөлік жүргізіп, тәртіп сақшыларынан қашып кетпек болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Орал ПБ патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары Мирлан Жанұзақов пен Арман Көшігенов Жайық өзенінің маңындағы 1, 2, 3 саяжай ауданын патрульдеу кезінде, Ваз-2110 марқалы күдікті автокөлікті байқаған.
"Алайда жүргізуші полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату туралы талаптарын елемей, қозғалысын жалғастыра берген. Жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төнуі мүмкіндігін ескеріп, полицейлер оның соңынан ерген. Біраз жүргеннен кейін жүргізуші көлікті тоқтатып, қаша жөнеледі. 150-200 метрге жүгіргеннен кейін ол суға секіреді. Полиция қызметкерлері оны судан шығарып, қашқынды құтқарды", - делінген хабарламада.
Құқық бұзушының бұрын сот шешімі бойынша жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзғаны үшін көлік құралын өмір бойы басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Ол Подстепное ауылының тұрғыны болып шқты. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша жүргізуші есірткіге мас күйде болғаны анықталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!