- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оралда есірткіге мас...
Оралда есірткіге мас ер адам көшедегі жұртты пышақпен қорқытқан
Оралда есірткіге мас ер адам тұрғындарды пышақпен қорқытқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Оқиға 11 тамызда Сырым Датов көшесі бойындағы "Астана" аялдамасында болған. Орал тұрғындары пышақ алып, жұртты қорқытқан ер адамды видеоға түсіріп алған.
Басылым мәліметінше, тәртіп бұзған ер адамды Орал ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлері анықтаған. Ол 37 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Медициналық сараптама қорытындысы бойынша, ол есірткіге мас күйде екені анықталған. Ер адам биылдың өзінде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Тәртіп сақшылары оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік хаттама толтырған. Ол 15-тен 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан