- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оралда есірткі шегіп...
Оралда есірткі шегіп алған ер адам тұрғындарды пышақпен қорқытқан
Оралда есірткіге мас болған ер адам өтіп бара жатқан адамдарды пышақпен қорқытқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 11 тамызда Сырым Датұлы көшесіндегі "Астана" аялдамасында болған. Куәгерлер тұрғындарды қорқытып жүрген ер адамды видеоға түсіріп алған.
Жергілікті полицейлер заң бұзған ер адамды ұстады. Ол 37 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Медициналық тексеріске сәйкес, ер адам есірткіге мас күйде болған. Ол биыл әкімшілік жазаға тартылғаны белгілі болды.
Тәртіп сақшылары ер адамға қатысты "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Енді заң бұзған ер адам 15 тәуліктен 30 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина