Оралдағы үйлердің бірінен ерлі-зайыптының күйік шалған денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 3 шілдеге қараған түні болды. БҚО ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, сағат 02:34-те өртсөндірушілердің пультіне "Пенсионер" бау-бақша серіктестігінде 30 шаршы метр аумақта саяжай өртеніп жатқаны туралы шақыру түскен.
Сағат 4:30-да өрт толық ауыздықталды. Оқиға орнынан өртсөндірушілер екі адамның күйік шалған мәйітін тапты.
Өрттің себептерін мамандар анықтап жатыр. Тұрғындардың сөзінше, марқұмдар - жас ерлі-зайыпты.
"Олардың үйі су тасқынынан зардап шекті. Олар зиянды анықтау жөніндегі комиссияны күтті, бірақ оған жете алмады", - деді тұрғындардың бірі.
Еске салайық, бұған дейін Қарағандыдағы мейрамханада өрт шыққаны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!