Оралда еріген қар суы жолды басып қалды

Фото: Видео кадры

Оралда еріген қар суы жолды басып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД мәліметінше, Сарыарқа шағынауданында қалың қар еруі салдарынан қалаішілік тасжолдың ойпат бөлігіне су жиналып, екі шағынауданды байланыстыратын жолға еріген су жайылған.

"Көлік қозғалысы тоқтаған жоқ және халық үшін қауіп жоқ. Оқиға орнында Батыс Қазақстан облысының ТЖД бөлімшелері жұмыс істеп жатыр. Олар мотопомпалардың көмегімен суды айдап жатыр. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмылдырылды. Жағдай бақылауда", - деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова