• 502.15
  • 490.7
  • 5.71

Оралда ер адамның басына кірпіш құлап, мерт болды

Оралда ер адамның басына кірпіш құлап, мерт болды
Фото: "Мой Город"

Оралда ер адамның басына кірпіш құлап кеткен. Қайғылы оқиға салдарынан ол бірден жан тапсырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел жәрдемге сағат 15:03-те хабар түскен. Ер адам Молдағұлов көшесіндегі салынып жатқан ғимараттың маңынан өтіп бара жатқанда, кірпіш құлап кеткен.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілі болған оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"29 қаңтарда салынып жатқан 9 қабатты тұрғын үйдің маңындағы құрылыс жұмыстары кезінде кірпіш құлап, жақын маңдағы адамға түскен. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүріп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда үстіне диван құлаған ер адам сегіз айдан кейін қайтыс болғаны хабарланды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова