Оралда ер адам зейнеткердің бар жиған-тергенін жымқырып кетті

Оралда ер адам зейнеткердің бар жиған-тергенін жымқырып кетті
Фото: polisia.kz

Оралда зейнеткердің 2 миллион теңгесін жымқырған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицияға егде жастағы әйел хабарласып, пәтерінен ірі көлемде ақшаның ұрланғанын айтты. Әйел аулаға шығып, кіреберістегі еденді ақшаға жуып беру ұсынысымен өтіп бара жатқан әйел мен ер адамға жақындайды. Содан әйел іске кірісіп, тазалық жұмыстарын жүргізіп жатқанда оның қасындағы ер адам егде әйелдің пәтерінің есігі ашық екенін көріп, пәтерге кіріп, үйден зейнеткердің бар жиған-тергенін жымқырып кеткен.

Тазалау жұмыстарын аяқтап, пәтерге кірген әйел ақшасының жоғалғанын байқап, дереу полицияға хабарлайды. Полиция қызметкерлері күдіктіні бірден қолға түсірді. Ол бұрын сотты болған Оралдың 46 жастағы тұрғыны екені анықталды.

Қылмыс орнында қалған айғақтар оның ізіне түсуге көмектесті. Сот-медициналық сараптамалық жазбаларды қолдану арқылы тексеру кезінде олар ұсталған адамның деректерімен сәйкес келген.

Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан