Оралда ер адам магниттің көмегімен есірткі жасырып кетіп жүрген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.
Енді оған 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.
БҚО есірткі полицейлері Дерқұл кентінде Оралдың 27 жастағы тұрғынын ұстады. Тінту кезінде одан магниттері мен мефедроны бар 20 zip пакет табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 20,5 грамм болады.
Ер адамның өзі оны құбырларға бекіткенін немесе жерге тастап кетіп жүргенін мойындады. Осылайша, есірткі тұтынушылар металл заттарды қолдана отырып, мефедронды тауып отырған.
Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеп-тексеру басталды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!