Оралда ер адам көшеде тұрғындардың көзінше мастурбация жасаған

Оралда ер адам көшеде тұрғындардың көзінше мастурбация жасаған
Фото: "Мой ГОРОД"

Оралда ер адам көшеде мастурбация жасап тұрған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап. 

2 қазанда әлеуметтік желіде қаладағы төртінші ықшамауданда түсірілген видео пайда болған. Видеода ер адам көшеде тұрғындардың көзінше ерсі әрекетпен айналысып жатқаны көрінеді. Куәгерлердің сөзінше, бастапқыда ер адам әйел адамның артынан жүріп, артынша мүшесін шығарып, мастурбация жасай бастаған. 

Жергілікті полицияның баспасөз қызметі тәртіп сақшылары видеодағы ер адамды іздестіріп жатқанын хабарлады. Ведомство өкілдері оқиғаның мән-жайын кейінірек хабарлайтындарын жеткізді. 

Басылым мәліметінше, бұл қаладағы мұндай алғашқы оқиға емес екен. 18 қыркүйекте Зачаганск ауылындағы №6 ауруханада екі ер адам ерсі әрекетпен айналысып жатқаны видеоға түсіп қалған. Полиция ер адамдардың кім екенін анықтап, ұсақ бұзақылық бабы бойынша іс қозғаған.  

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина