- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оралда ер адам...
Оралда ер адам көпірден секіріп қаза тапты
Фото:
pixabay.com
Оралда көпірден секіріп кеткен ер адам қаза тапты. Қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 15:15-те болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой городқа" сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, 22 жастағы жігіт "Динамо" спорт базасы маңындағы Жәңгір хан көшесіндегі көпірден секіріп, өз-өзіне қол жұмсаған.
Мәйіт Оралдағы сот-медициналық сараптамадан өту үшін мәйітханаға жіберілді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан