- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оралда еңбек демалысында...
Оралда еңбек демалысында жүрген полицей жүргізушілерге газетпен жол көрсетті
Желіде қолына газет алып, жол қиылысында тұрып қалған көліктерге бағыт-бағдар көрсеткен ер адамның видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Оралда жарық сөніп, қаланың кей бөлігінде бағдаршам істен шыққан. Сағат 16:15 шамасында Әбілқайыр хан даңғылы мен Сырым Датұлы көшесінің қиылысында жол кептелісі болып, автокөліктердің қозғалысы қиындаған.
Осы уақытта кептеліске тап болған полиция қызметкері Руслан Жексенов автокөлігін тұраққа қойып, қолына іліккен газетті арнайы таяқша орнына қолданып, бағыт-бағдар жасаған. Ол еңбек демалысында болған.
Жолаушылар мен жүргізушілер осы сәтті бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан