Оралда екі өзбекстандық көлікті айдап әкетіп, үйдің қақпасына "кіріп кеткен" (видео)

Фото: ІІМ

Оралда екі өзбекстандық көлікті айдап әкетіп, жол апатына түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13 қарашада сағат 23:10 шамасында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күдік тудырған Volkswagen Passat көлігін тоқтатқан.

"Көлік жүргізушісі көлікті тоқтату туралы полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қозғалысты жалғастырып, рөлге ие болмай, Абдолов көшесінде орналасқан үйдің қақпасына соқтығысты. Осыдан кейін полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады", - делінген ведомство хабарламасында.

Тексеріс барысында көлікте Өзбекстан Республикасының 1996 жылы туған екі азаматы болғаны және сараптама қорытындысы бойынша екеуі де орташа дәрежедегі мас болғаны анықталды.

ІІМ

Сонымен қатар, тәртіпбұзушылар бұл көлікті айдап акеткені және көлік Бәйтерек ауданының 1978 жылғы азаматына тиесілі екені белгілі болды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы 2 бөлігі бойынша соталды тергеу басталды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова