Екі жасар қыз бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға бүгін Орал қаласында болған.
ТЖМ ашық терезе балаңыз үшін қауіпті болуы мүмкін екенін ескертеді.
"Жазатайым оқиғалардың негізі себептері - ересек адамдардың балаларды қараусыз қалдыруы. Жыл сайын биіктіктен құлаудың салдарынан көптеген балалар жарақат алады", делінген хабарламада.
Терезеге темір торды арнайы талаптарға сай орнату қажет, яғни өрт кезінде ғимараттан шығаруға оңай ашылатындай етіп қарастыру. Тор шыбықтарының арақашықтығы бала басы сыймайтындай (10 см-ден аспауы тиіс) орнату.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!