Оралда екі жасар бала кір жуғыш машинаның барабанына қыстырылып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2023 жылғы 17 шілдеде сағат 14:20-да 112 пультіне Орал қаласы Жүнісов көшесі 184-үйде баланың кір жуғыш машинаның барабанына (жартылай автоматты) қыстырылып қалғаны жөнінде хабарлама түскен.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар 2021 жылы туған баланы машина барабанынан арнайы құралдардың көмегімен шығарып, ата-анасына табыстады.
Балаға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жұмыс сағат 15:00-де аяқталды.
Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды ескертті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!