Орал қаласындағы Жастар мәдениет сарайында "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні" кәсіби мерекесіне арналған салтанатты кеш өтті.
Шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Төреғалиев Нариман Төреғалиұлы қатысып, колледж директорлары мен мұғалімдерді құттықтап, саланың дамуына қосқан еңбегі үшін арнайы марапаттар табыстады.
Өз сөзінде аймақ басшысы:
"Техникалық және кәсіптік білім – еңбек нарығы үшін білікті мамандарды даярлайтын маңызды сала. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында өңіріміздің экономикасы алға басып, жастарымыз өз жолын табуда. Білім – елдің болашағы, ал сіздер – сол болашақты қалыптастырып отырған тұлғасыздар", – деп атап өтті.

Сондай-ақ кеш барысында саладағы үздік мамандар марапатталды. Бұл марапаттарды облыстық білім басқармасының басшысы Сафуллин Елдос Набиоллаұлы табыстады.
Жаңа қала колледжінің еңбекқор, үлгілі "Жұмысшылар отбасы" - Тлеубергеновтер әулеті сахнаға шақырылып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұстаздық әулет – әкесі, баласы, немересі түгелімен мұғалімдік жолды таңдаған. Отбасына БҚО Кәсіподақ ұйымының атынан 100 мың теңгелік сертификат табысталды.

Салтанатты кеш ұстаздар қауымына арналған мерекелік концертпен жалғасын тапты.
БҚО әкімдігі ұсынған материал
Massaget.kz