Әлеуметтік желіде иттердің өлекселері қоқыс жәшігінде жатқан видео тарады. Оқиға Оралда болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео авторының айтуынша, Зачаган ауданы Ақсу және Теміртау көшелерінде әлдекімдер иттерді атып, өлекселерін қоқыс жәшіктеріне тастап кеткен.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің Massaget.kz-ке берген жауабына сүйенсек, бұл дерекке қатысты тексеріс басталған. Сондай-ақ полиция иттер "атылған" деп нақты айта алмайтынын, қазір анықталып жатқанын жеткізді.
"Тергеу басталды. Өлімнің себебін анықтау үшін иттердің денелері сараптамаға жіберілді", - деп жазылған жауапта.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!