• 499.31
  • 490.7
  • 5.62

Оралда белгісіз біреулер иттерді атып, қоқыс жәшігіне тастаған

Фото: Видео кадры

Әлеуметтік желіде иттердің өлекселері қоқыс жәшігінде жатқан видео тарады. Оқиға Оралда болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиғаның мән-жайы

Видео авторының айтуынша, Зачаган ауданы Ақсу және Теміртау көшелерінде әлдекімдер иттерді атып, өлекселерін қоқыс жәшіктеріне тастап кеткен.

Полиция пікірі

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің Massaget.kz-ке берген жауабына сүйенсек, бұл дерекке қатысты тексеріс басталған. Сондай-ақ полиция иттер "атылған" деп нақты айта алмайтынын, қазір анықталып жатқанын жеткізді.

"Тергеу басталды. Өлімнің себебін анықтау үшін иттердің денелері сараптамаға жіберілді", - деп жазылған жауапта.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова