Орал қаласында "Ел ырысы" базарында газ баллоны жарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 16 маусым күні сағат 10.00-ден кете мал союға арналған орында болды.
"Алдын ала мәлімет бойынша барлығы 10 адам зардап шексе, соның екеуі - кәмелетке толмағандар. Екі адам дәрігерлер қарағаннан кейін үйлеріне жіберілді. Газ баллонын дұрыс қолданбау осындай оқыс оқиғаларға жиі соқтыруда. ТЖ департаментінің қызметкерлері мұның алдында қауіпсіздік бойынша рейд те жүргізген", - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары мен себеп-салдары анықталу үстінде.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!