- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оралда балалар үйінің...
Оралда балалар үйінің тәрбиеленушілері не үшін қашып кеткенін түсіндірді
Оралда жоғалып кеткен балалар үйінің екі тәрбиеленушісі табылды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
15 жастағы Максим Федуллев пен тоғыз жастағы Николай Харченко 10 қыркүйекте жоғалып кеткен болатын. Олар күндіз балалар үйінен шығып, оралмаған. Балаларды іздеу жұмысына БҚО полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылған.
ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, балалар 12 қыркүйекте сағат 14:00-де аман-есен табылған.
"Екі күн бойы іздедік. Балалар іштері пысқандықтан қашып кеткенін айтты. Олар табылған жерден ұрланған заттар, оның ішінде, киім-кешектер табылды", - деді полиция өкілдері.
Максим мен Николай дәрігерлер қарауынан кейін балалар үйіне оралды. Ешқандай дене жарақаттары анықталмады. Ұрланған заттар бойынша соталды тергеу басталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина