Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері үш жасар балаға көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оралда бала саусағын өзінің дәретке баратын ыдысына қысып алған.
Құтқару қызметіне баланың қысылып қалған саусағын шығара алмаған анасы қоңырау шалып, көмек сұраған.
Құтқарушылар жедел түрде жетіп, арнайы құралдың көмегімен ыдысты кесіп, баланың саусағын шығарып алды.
Балаға дәрігерлердің көмегі қажет болған жоқ.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!