Әлеуметтік желіде Оралда баланың ағаштан құлап, мойнын сындырып алғаны туралы ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Жазба авторының айтуынша, бала ағаштағы допты алуға өрмелеп жатқанда құлап кеткен. Қайғылы оқиға басқа балалардың көзінше болған.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері баланың қалалық көпсалалы ауруханаға 18 маусымда сағат 21:36-да түскенін хабарлады. Баланы нейрохирург, травматолог, хирург және реаниматолог тексерді. Оған бас сүйегінің, мойын омыртқасының, кеуде және құрсақ қуысы мүшелерінің, жамбас сүйектерінің рентгенографиясы түсірілді. Содан кейін реаниматологтың бақылауымен бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді.
Бала жансақтау бөлімінде жатыр, дәрігерлер оның жағдайын тұрақты ауыр деп бағалап отыр. Дәрігерлер баланың диагнозын жария етуден бас тартты. Алайда олардың айтуынша, бала есін жиған, қазір өзін жақсы сезінеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!