Оралда әйел мен балаларды трактор басып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mgorod.kz-ке сілтеме жасап.
Әйел травматология бөліміне жатқызылды, оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланады.
Куәгерлердің айтуынша, бұл оқиға орталық базар маңында болған. Екі бала мен әйел бағдаршам арқылы жолды кесіп өткен, ал жақын жерде коммуналдық қызмет техникасы қар тазалап жүрген.
"Арық әйел, трактор жүргізушісі оны байқамаған болуы керек, әйелді де, балаларды да қақты. Балаларды дөңгелектің астынан шығарып үлгердік, бірақ әйелдің екі аяғын басып кеткен. Біз оған тиіспедік, жедел жәрдем күттік" - дейді оқиға куәгері.
Денсаулық сақтау басқармасы өкілі 40 жастағы әйел облыстық көпсалалы аурухананың травматология бөліміне жатқызылғанын айтты.
"8 және 10 жастағы қыздарды травматолог пен нейрохирург қарады. Қажет көмек көрсеткеннен кейін оларды үйлеріне жіберді", - деді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!