- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оралда әйел кәмелетке...
Оралда әйел кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікке тартқан
БҚО-да әйел кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікке тартқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.
БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері Оралда сауналар мен жалдамалы пәтерлерді тексеру бойынша рейд іс-шараларды өткізу барысында жезөкшелікпен айналысқандарды ұстады.
Оралдағы сауналардың бірінде 46 жастағы әйел интим қызмет көрсету үшін 37 және 39 жастағы екі әйелді ұсынып, жеңгетайлық ұйымдастырған.
Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 309-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ, 53 жастағы әйел Оралда жалдамалы пәтерлердің бірінде 17 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірімді жезөкшелікпен айналысуға тартқан.
Күдіктілер мұндай әрекеттері үшін 10-15 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алған.
Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 134-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек