Оралда автобус өртеніп кете жаздады

Оралда өртсөндірушілер өртеніп жатқан жолаушылар автобусын сөндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, оқиға Сырым Датұлы көшесінде болған. Жолаушылар автобусының моторы өртенді.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Еске салайық, 4 желтоқсанда Астанадағы "Министрліктер үйі" аялдамасында жолаушылар автобусы өртенді. Өртсөндірушілер келгенше көліктің артқы жағы толығымен жанып кеткен.

Кейін, 9 желтоқсанда Астанадағы А.Бараев көшесінде Байқоңыр ауданында автобус өртенді. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, автобустың төбесі өртенген.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!