27-28 ақпан аралығында Орал қаласында мүмкіндіктері шектеулі жас IT-мамандарға арналған хакатон өтті. «Жастар жылының» аясында ұйымдастырылған хакатонның негізгі мақсаты – инклюзивті топпен бірге IT технологиялар арқылы мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты әлеуметтік мәселелерді шешетін жаңа және ерекше жолдар ойлап табу.
Байқауға жас кәсіпкерлер IT әзірлеушілер, инженерлер, ЖОО және колледж студенттері, сонымен қатар барлық деңгейдегі маркетологтар, дизайнерлер және менеджерлер қатысты.
«Мен хакатонға қатысу туралы ұзақ ойландым. Соңғы мезетте барып көрейін деп шештім, мен үшін мүмкіндіктері шектеулі адам және IT саласы бір-біріне сәйкес келмейтін ұғым болып көрінді. Іс-шараның басталғанына бір сағат өткеннен кейін, соңына дейін қаламын және Алматыда өткізілетін IT лагерге қатысу үшін бар күшімді саламын деп шешім қабылдадым», - дейді хакатон қатысушыларың бірі Айым Байбатырова.
Келесі хакатон 2019 жылы 6-7 наурыз Қарағанды қаласында өтеді.
5 хакатонның және жалпы республикалық конкурстың нәтижесі бойынша 16 ең үздік топ 2019 жылы 2-6 сәуір аралығында IT саласы бойынша оқыту курсынан өтуге Алматы қаласында «Тау Тұран» білім беру-сауықтыру кешенінде өткізілетін IT лагерге жолдама алады, сонымен қатар жобаны дамытуға 2 000 000 теңге көлеміндегі грант беріледі.