Оралда қызын зорлаған ер адам түрмеде суицид жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі uralskweek.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 13 тамызда Оралдағы №27 колонияда болған. Полиция қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша іс қозғады.
Қызын зорлаған ер адам 2023 жылы шілдеде 20 жылға сотталған болатын. Жәбірленуші қыз 2022 жылы пойыздың астына түсіп, суицид жасаған. Артынан бәріне әкесі кінәлі екенін, зорлық көргенін айтып, хат қалдырып кеткен.
Пойыз машинисі қыз аяқ асты шыққанын, ол тежегішті басып үлгермегенін айтқан болатын.
Табылған хат айғақ ретінде алынып, ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Қыздың анасы Анастасияның сөзінше, ол күйеуімен ажырасқанына алты жыл болған. Ал марқұм қызы 9 жаста еді.
Соттың шешімімен қызы демалыс сайын әкесімен болған. Ер адам қызды қорқытып, зорлап жүрген.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!