Оралда 87 жастағы қария мектепке шабуыл жасалады деп жалған ақпарат таратқан

Оралда 87 жастағы қария мектепке шабуыл жасалады деп жалған ақпарат таратқан

Оралда 87 жастағы қария мектепке шабуыл жасалады деп жалған хабар берген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәліметінше, қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Оқиға 25 тамыз болды. 1935 жылғы зейнеткер үйінде отырып, сағат 02.25-те өзінің ұялы телефонынан үш сағаттан кейін №20 орта мектепке немесе Зачаган полиция бөліміне шабуыл жасалады деп хабарлаған. Аталған қылмысқа күдікті ретінде 87 жастағы қария анықталып, ұсталды. Оның үстінен ҚР ҚК 273-бабына (терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады", - деп хабарлады ведомстводан.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова