- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оралда 5 жасар...
Оралда 5 жасар баланың басынан жылқы тепкен
Оралдағы алаңда 5 жасар баланың басынан жылқы тепкен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, оқиға 27 шілдеде сағат 19.00 шамасында тұңғыш президент алаңында болған. Жедел жәрдем көлігі баланы облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізді.
"Ол травматология бөліміне жатқызылды. Баланың жағдайы орташа ауыр деп бағаланады. Бала қажет емін алады", - деді БҚО денсаулық сақтау басқармасы өкілі.
Өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, жылқының иесіне жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылған. Оған 10 АЕК (36 920 теңге) айыппұл салынды.
"Тұңғыш президент алаңындағы жағдай қала тұрғындарының шағымын тудырады. Бұл жер тұрғындардың сүйікті орны ғана емес, саудагерлер үшін пайдалы жерге айналды. Батуттардың, электромобильдердің, скутерлердің, аттракциондардың барлық түрі бар. Бұл ретте кәсіпкерлер салық төлемейді", - делінген материалда.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова