- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оралда 39 жастағы...
Оралда 39 жастағы ер адам өз анасын өлтірді
Оралда 39 жастағы ер адам өз анасын өлтірді, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
3 тамыз күні түскі сағат 12:56 шамасында Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің кезекші бөліміне Школьная көшесінде орналасқан пәтердің есік алдында үй иесінің денесі жатқаны туралы хабар жеткен.
Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері барып, 60 жастағы әйел адамның мәйітін тапты.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ізін суытпай осы іске күдікті ретінде 1984 жылғы азамат анықталып, ұсталды. Күдікті марқұмның психоневрологиялық мекемеде есепте тұрған ұлы екені анықталды.
Оқиғаға тұрмыстық жанжал себеп болған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ҚР Қылмыстық кодекснің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан