- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оралда 26 жастағы...
Оралда 26 жастағы жігіт тоғызыншы қабаттан секіріп кетті
Оралда 26 жастағы жігіт тоғызыншы қабаттан секіріп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 22 қыркүйек сағат 15.00-де Зачаган кентіндегі М.Мөңкеұлы атындағы көшеде болған.
"1996 жылғы тұрғын көпқабатты үйдің терезесінен секіріп, өзіне-өзі қол жұмсады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабына (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сараптама тағайындалды. Себептері мен оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтайтын болады", - делінген хабарламада.
Оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, марқұм тоғызыншы қабаттан секірген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова