Оралда 21 жастағы қыз көпірден секіріп кетті

Оралда 21 жастағы қыз көпірден секіріп кетті
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

БҚО құтқарушылары өзіне-өзі қол жұмсауға әрекеттенген қызды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға бүгін, 25 қарашада болған.

112 пультіне 2003 жылы туған қыз Оралдағы Шаған өзенінің көпірінен секіргені туралы хабарлама түсті.

"Оқиға орнына дереу жеткен ТЖМ құтқарушылары қызды өзеннен шығарып, психологиялық көмек көрсетті. Құтқарушылардың арқасында ол аман қалды", - деп хабарлады ведомство.

Қызды әрі қарай жедел жәрдем қызметкерлері алып кетті.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан