Оралда 21 жастағы балықшы өлі табылды

Оралда Шаған өзенінен балықшы өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан полиция департаментінің мәліметінше, 1 қарашада Шаған өзенінің жағасындағы Жас натуралистер станциясы маңындағы судан 21 жастағы жігіттің денесі табылды. Мәйіт сараптамаға жіберілді. Оның денесінде зорлық белгілері табылмаған. 

"Оның балық аулағаны анықталды. Полиция департаменті тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтап, аса сақ болуды ескертеді", - деді БҚО ІІД баспасөз қызметі өкілдері. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы Шелек ауылындағы иесіз қалған ғимараттан сәби өлі табылған еді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!