Оралда 18 жастағы жігіт 72 жастағы қарияны тонап, ұрып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.
Оқиға 25 маусымда күндізгі уақытта болған. Белгісіз жігіт қарияға күш қолданып, оның қолындағы пакеті мен барсеткасын алып кеткен.
Басылым мәліметінше, 2006 жылы туған күдікті ұсталған. Ол уақытша ұстау изоляторында отыр. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!