Оралда 13 жастағы бала өзінен кіші оқушыдан ақша бопсалаған

Оралда 13 жастағы бала өзінен кіші оқушыдан ақша бопсалаған
Фото: Tengrinews.kz

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Әкімшілік құқықбұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотында 10 жастағы оқушы Г-ны қорқытып, ақшасын тартып алған 13 жастағы бала Р-ның  анасына қатысты әкімшілік іс қаралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Р-ның анасы сотта баласының Г-ны ұрып-соққанын, өз ұлымен сөйлескенін және қорлауды жоққа шығарғанын растады.

Г-ның анасының айтуынша, ұлын қорқыту әрекеті 2 жылға жуық уақытқа созылған, баласы қорқып қалған, ұзақ уақыт бойы өзін қорқытқан баланың атын айтпаған. Ол татуласудан үзілді-кесілді бас тартты.

Р-ның қорлау фактісі сот залында әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамада белгіленген мән-жайлармен, жәбірленушінің арызымен, куәлар мен куәгерлердің жазбаша түсініктемелерімен және істің басқа материалдарымен расталды.

ӘҚБтК-нің 127-2-бабының 1-бөлігіне сәйкес кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу (буллинг, кибербуллинг) үшін жауаптылық ескерту жасауға немесе 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сот Р-ның анасына әкімшілік жаза тағайындау кезінде оның асырауында кәмелетке толмаған үш баласы барын, жұмысының жоқтығын және тұрақты табысының болмауын, жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың анықталмағанын ескерді.

Сот ӘҚБтК-нің 829-14 және 829-16-баптарын басшылыққа ала отырып, Р-ның анасын ӘҚБтК-нің 127-2-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған әкімшілік жаза - ескерту тағайындады.

Қостанай облысының Б.Майлин атындағы аудандық сотында мектеп оқушысы П-ны жәбірлеген кәмелетке толмаған С-ның ата-анасына қатысты ӘҚБтК-нің 127-2-бабының 3-бөлігімен осыған ұқсас әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.

Мектепте С. мектеп оқушы П-ны жүйелі түрде қорлау, қорқыту, қорлау және келемеждеу фактісі анықталды.

Сотта С-ның әкесі кінәні толық мойындап, ұлымен болған әңгімені баяндады. Сотқа П-ның анасы қызының жүрегі ауыратынын, ал С-ның қызын мазақ етіп, қорқытқанын, соның салдарынан қызы күйзеліске түскенін түсіндірді.

Ата-анасына баласының жөнсіз мінез-құлқы туралы бұған дейін де ауызша ескерту жасалғанын (шағымдар болған) ескеріп, сот 25 800 теңге айыппұл салды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина
Logotype Massaget