Оралда 10 жастағы қызға шабуыл жасалған

Оралда Зачаганск ауданында белгісіз ер адам 10 жастағы қызға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны туралы ақпарат тарады. Полицейлер күдіктіні іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. Бірақ оқиғаның мән-жайы айтылмады.

"Осы қылмысқа қатысы бар адамды құрықтау үшін жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл әрекетті жасаған адам міндетті түрде ұсталады", - деді ПД өкілі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!