Қазақстандық боксшылар Нұрбек Оралбай мен Махмұд Сабырхан 2026 жылғы Азия ойындарының ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдымен рингке Махмұд Сабырхан шықты, 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте қазақстандық боксшы ирандық Мехди Каземимен кездесті.
Сабырхан алғашқы секундтардан бастап басымдыққа ие болды. Екінші және үшінші раундтарда ол қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Нәтижесінде қазақстандық спортшы 5:0 есебімен сенімді жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.
Содан кейін рингке Нұрбек Оралбай көтерілді, 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасының жүлдегері Ауғанстан өкілі Силаб Нуримен жұдырықтасты.
Үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы да қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, 5:0 есебімен ширек финалға өтті.
Айта кетейік, бокстан әйелдер құрамасының мүшесі Виктория Графеева Олимпиада чемпионымен болған жекпе-жектен кейін Азиададағы өнерін аяқтады.
Қазақстандық спортшы Қытай Тайбэйінің өкілі Линь Юйтинмен кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бөлек шешімімен жеңіс 3:2 есебімен Графееваның қарсыласына берілді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!