- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Орал тұрғынынан үй...
Орал тұрғынынан үй жануарына жұғатын паразит анықталды
Орал тұрғынынан үй жануарына жұғатын паразит анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Орал тұрғынынан дирофиляриоз дерті анықталды. Сирек кездесетін паразитарлы аурумен негізінен үй жануарлары ауырады. Ал адам ағзасына жәндіктер шаққанда қан арқылы кіреді. Өңірдегі эпидемиологтардың айтуынша, маса мен бүрге сынды қансорғыш жәндіктер шаққан жерге зер салып қарау керек.
Паразит құрт ауры адам терісінде бір айдан бірнеше жылға дейін созылмалы түрде жүреді. Жануарлар денесіндегі паразиттер ұзындығы бар жоғы 0,3 миллиметр болатын мыңдаған жұмыртқа салады. Олардың кішкентай болғаны соншалық, қан айналымы мен лимфа арқылы бүкіл денеге таралады. Осылайша дирофиляриоз жануардан жануарға және адамға жұғады. Дәл осындай диагнозбен тіркелген оралдық ер адамды қазір өңірдегі хирургтар емдеп жатыр. Бұрын-соңды мұндай жағдай үш жыл бұрын тіркеліпті.
"Бұрын мұнымен тек жануарлар ауырады деген пікір болған. Бірақ кейінгі жылдары адамнан да анықталып жатыр. Әсіресе ит пен мысық асырайтындар, ашық су айдындарының жанында тұратындар және жиі табиғатқа шығатын адамдарда бұл індетті жұқтыру қаупі жоғары", - деді БҚО санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің бас маманы Лунара Есенжолова.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек