Орал тұрғынынан бір автомат, екі тапанша тәркіленді

Батыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары бір күн ішінде 900 әкімшілікқұқық бұзушылықты анықтады. Соның ішінде Орал қаласының тұрғынынан бір автомат және екі тапанша тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция департаменті мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында биыл 20 мен 30 қараша күндері аралығында жергілікті атқарушы органдармен, "АМАНАТ" партиясының облыстық филиалдарымен, ұйым өкілдерімен бірлесе отырып, қоғамдағы құқықбұзушылықты анықтау, тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелердегі және басқа да қоғамдық орындардағы қылмыстардың алдын алу бағытында "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

"Екі күнде 18 қылмыс және былтырғы 7 қылмыс ашылып, алып жүруге тыйым салынған заттармен 4 адам ұсталды, оның ішінде бір тұрғыннан суық қару ретінде саналатын "кастет" тәркіленді. Криминалдық полиция қызметкерлері іздеуде жүрген 2 қылмыскерді ұстады. Тәртіп сақшылары бір күн ішінде 900 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. Ұсақ бұзақылық бойынша 72 (ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы), қоғамдық орында мас күйде болу немесе спирттік ішімдік ішкен 83 (ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы), ҚР тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру бойынша 174 (ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы), жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін 81 (ҚР ӘҚБтК 615-бабы бойынша), көлік құралын мас күйде басқаруы бойынша (ҚР ӘҚБтК 608-бабы) 8 адамға хаттама толтырылды", - делінген полиция хабарламасында.

Сондай-ақ, уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына қоғамдық орындарда мас жүрген 58 адам жеткізіліпті.

Одан бөлек полиция қызметкерлері Орал қаласының 1961 жылы туған тұрғынынан бір автомат және екі тапанша тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес олардың жауынгерлік атыс қаруы, яғни оқ атуға жарамды "АК-103" Калашников автоматы және 11,43 мм калибрлі "МП-80-13Т" травматикалық тапаншасы (қосымшасы сынғандықтан атуға жарамсыз - еск.), "ИЖ СПЛ-01" маркалы старттық тапаншасы екені анықталды.

БҚО ПД

Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігіне (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сәйкес соталды тергеу жұмыстары басталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!